қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.05.2019

Білім мен ғылымды интеграциялау

 

  

 

2019 жылғы 21 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жоғары білім мен ғылымды интеграциялау» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу ұйымдарының, Математика және математикалық модельдеу институтының, Ботаника және фитоинтродукция институтының, Философия, саясаттану және дінтану институтының, Экономика институтының, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Зоология институтының, Қазақ тағамтану академиясының, Коррекциялық педагогика ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және басқа да ғылыми мекемелердің басшылары мен ғалымдары, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

 

Конференцияны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев ашты.

 

Ғылыми-практикалық конференция барысында «Абай атындағы ҚазҰПУ: ел тарихындағы тұңғыш жоғары оқу орнының табыстары мен жетістіктері» тақырыбында университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов баяндама жасады.

 

Сондай-ақ сала-сала бойынша М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов «Ғылыми-зерттеулер интеграциясы: әдебиет пен өнер», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек «Қазіргі қазақ тіл білімінің инновациялық әлеуеті: ұлттық корпус, IT, жасанды зерде», Ботаника және фитоинтродукция институтының директоры Гүлнәра Ситпаева «Ботаника және фитоинтродукция институты - Қазақстандағы ботаника бағытының табысты дамуының кепілі», Түзету педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғалия Абаева «Қазіргі кезеңде ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдаудағы ғылыми әдістемелік қамтамасыз етудің мәселелері», Математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры Махмут Садыбеков «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясында импакт-факторы бар ғылыми журналдарда жарияланымдық белсенділігін арттыру мақсатында ғылыми қызметкерлер мен оқытушылардың зерттеулерді бірігіп өткізу қажеттілігі туралы» және басқада ғалымдардың баяндамалары тыңдалды.

 

Пленарлық мәжілістен кейін конференция секциялар бойынша жұмысын жалғастырды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім