Main /
Mass media about us
30.05.2019 Қазақстан мен Франция заңгерлердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасады
Осы орайда еліміздің заңдарына прецеденттік құқық элементтерін енгізудің мүмкіндігі жайында халықаралық жиын өтті. Оны Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Сорбонна-Қазақстан институты мен «Астана» Халықаралық Қаржы орталығы бірлесіп ұйымдастырған.
Игорь Рогов, Тұңғыш Президенті Елбасы қоры атқарушы директорының директоры:
- Ең алдымен Ағылшын-саксон құқықтық жүйесін енгізетін болсақ, елімізде инвестиция тарту белсенді жүргізіледі. Әлемдік бизнесте аталған жүйеге көптеген ұлттар сеніммен қарайды. Өйткені оларда сот ісі жоғары деңгейде жүргізіледі. Мұндай дөңгелек үстел биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Жиында инвестиция, құқықтық құрылым, салық салуға қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар прецеденттік құқық элементін енгізу барысында конституциялық заңдылық сақталуы керектігін алға тартты. Іс-шараға екі елдегі заң саласының мамандары қатысты.
Шейх Билал Хан, «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының исламдық қаржыландыру бойынша директоры:
- Қазақстанға Халықаралық қаржы орталығы ел экономикасын жаңа деңгейге көтеру үшін қажет. Бұл дегеніміз елге инвестиция тартуға, жекешелендіруді ұлғайтуға, яғни шетелден инвесторлар тартуға керек. Осы орайда сенімді болу үшін халықаралық жүйені қолданған жөн. Авторы: Салтанат Шырынхан 30.05.2019 г. Источник: ktk.kz
|