Main
News
09.07.2019 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегиялық жоспарының орындалуы талқыланды
2019 жылдың 4-5 шілдесінде Қапшағайдағы «Ұстаз» демалыс базасында «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2018-2025 жылдарған арналған стратегиялық жоспарының орындалу барысы туралы» стратегиялық сессия болып өтті. Сессияны ашқан университет ректоры Такир Балықбаев 2018 жылы университет Байқау кеңесінде бекітілген оқу орнының Стратегиялық жоспарында қамтылған ең негізгі мәселелерге тоқталып, сессияға қатысушыларға өз құттықтауын арнады.
Бұдан кейін Стратегиялық жоспардың сала-салалары бойынша орындалуына жауапты тұлғалар: ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор Ақтолқын Құлсариева, оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмұрзаев, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова, даму стратегиясы және сапаны сараптау департаменті директорының орынбасары Темірхан Тасболатов баяндамалар жасады. Олар өз салалары бойынша Стратегиялық жоспардың қалай орындалып жатқанына тоқталды.
Сессияның келесі бөлімінде проректор Ақтолқын Құлсариева оқытудың әдістемесі мен технологиясы, Айгүл Ордабаева адам капиталын дамыту, қаржыны талдау бөлімінің бастығы Даурен Молдағалиев Қаржыландырудың стртегиясы, Жомарт Алимов материалдық-техникалық стратегия бойынша презентациялар өткізді. Сондай-ақ «Абай университетінің корпоративтік мәдениеті туралы» проректор Ақтолқын Құлсариева, «ХХІ ғасыр мұғалімінің портреті» туралы Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының меңгерушісі Қорлан Жампейісова презентациялар жасады.
Сессияның барысында институт директорлары мен өкілдері Стратегиялық даму жоспары бойынша өз ойларын ортаға салды.
Сессияны стратегиялық даму жоспарының консультант-сарапшысы Озат Байсеркеев қорытындылады.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
|