қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
12.08.2019

ҚазҰПУ жаңа форматта кешенді тестілеу өткізді

 


 

10 тамызда Қазақстанның тұңғыш педагогикалық оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде GMAT форматындағы кешенді тестілеудің - магистратураның білім беру бағдарламалары топтарына түсу емтихандарының ашылуы өтті.

 

Іс-шараға университет ректоры Такир Балықбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы Қайрат Сүнтаев, оның бірінші орынбасары Данияр Таумұрат, Арнайы мониторингтік топтың мүшелері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері, университет басшылығы мен қабылдау комиссиясының қызметкерлері қатысты.

 

Емтихан алдындағы тестілеудің ашықтығын және тестілеу нормаларының бұзылмауын қамтамасыз ету мақсатында ректор Такир Балықбаев Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдерін, Арнайы мониторингтік топтың мүшелерін ҚР Білім және ғылым министрлігі комиссиясының құрамымен, тестілеу және комиссия құрамының жұмысымен таныстырып, аудиторияларда орнатылған бейнебақылауға арналған техникалық құралдарды ұсынды.

 

Тестілеу барысын ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаев барлық талапкерлерді тестілеу ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы хабардар етіп, GMAT (Graduate Management Admission Test) форматы туралы ақпарат берді, сонымен қатар, емтихан тапсырушыларға сәттілік тіледі.

 

Биыл алғаш рет GMAT форматындағы тестілеу үдерісін Білім және ғылым министрлігінің комиссиясымен және Ұлттық тестілеу орталығымен бірге Арнайы мониторингтік топтың мүшелері бақылайтын болады. Үміткерлердің ата-аналары кешенді тестілеу барысын онлайн режимінде оқу ғимаратының сыртында орнатылған экрандар арқылы бақылай алады. Сонымен қатар, аудиторияларда талапкерлерге ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған.

 

Тестілеу кезінде жоғары балл жинаған талапкерлер грантқа ие болады және оқу үшін университетті өздері таңдайды. Білім саласындағы бұл бастама мемлекеттік грант орындарын табыстау үдерісінің ашықтығы мен айқындылығын, сонымен қатар, университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

 

12.08.2019 ж.

Авторы: Римма Жанбаева

Ақпарат көзі: qazaq1913.com