қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
03.09.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы Президенттің Жолдауына қолдау білдірді

 


 

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауы тыңдалды. Ол ел дамуының негізгі бағдарламалық құжаты болып табылады. Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы Елбасының бұл үндеуіне үлкен қызығушылық танытты.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында жүктелген міндеттер біздің университеттің болашақ қызметіне бағдар болады деп күтілуде.

 

Жолдаудың «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде білім беру сапасын арттыру және еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеу, мамандарды даярлаудың отандық жүйесін жетілдіру, оқушылардың қабілеттерін анықтауға негізделген кәсіптік бағдар беру саясатына көшу сияқты басымдықтарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізін құрауы керек. Техникалық мамандарды сапалы даярлауды кеңейту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты азайту, ауылдық жерлерде білікті мұғалімдердің жетіспеуін азайту, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру және осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге дейін арттыру керек екенін айтты. Дарынды ауыл жастарын іріктеу және оны отандық және шетелдік университеттерде оқуға дайындау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау бойынша Жол картасын әзірлеу қажеттілігі атап көрсетілді.

 

Президент сонымен бірге жоғары білім беру мен мектеп оқулықтарының сапасы, ғылымның тиімділігін арттыру, түлектердің 60 пайыз жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету тиісті министрліктің тікелей міндеті. Егер біз мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар нәтиже бермейді. Алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыру жоспарлануда. Бұл келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Ұлттың әлемдік деңгейге ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру және оны практикада қолдану қажет екені айтылды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық университет ретінде ең алдымен жоғары білім мен оқулықтардың сапасын жаңартуға, сонымен қатар ғылымның тиімділігін арттыруға мүдделі. Университет ұжымы Жолдау ғылыми зерттеулердің одан әрі дамуына және оларды практикада қолдану аясының кеңеюіне нұсқайтындығын қуана қабылдады. Сондай-ақ қоғамдық пікірдің тиімділігі туралы шараны қолдайды. Қоғамдық сұхбат, ашықтық, қызығушылық танытқан тұлғалардың қажеттіліктеріне жедел ден қою университет жұмысындағы басты басымдық болып табылады. Бірінші басшымыз - ректор Такир Балықбаевтан бастап барлық профессор-оқытушылар құрамы студенттермен және олардың ата-аналарының ұсыныс-пікірлерін тыңдауға дайын. Ректор блогы үнемі жұмыс істейді.

 

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

03.09.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz