Main
News
20.09.2019 Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Парасат» орталығы ашылды
2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің ұсынымы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Парасат» орталығы ашылды. Оның директоры болып Усипов Қамбар Тұрарұлы тағайындалды.
«Парасат» орталығы Университеттің жеке дара құрылымдық бөлімшесі және жемқорлыққа қарсы іс қимыл Кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясаты Тұжырымдамасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты және мүдделер қақтығысын реттеу (лауазымды тұлғалардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктерінің арасындағы қарама-қайшылық) саясаты негізінде Кеңес шешімдерінің орындалуын үйлестіру және бақылау жұмыстарын ұйымдастырады. Орталық өзінің қызметін «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің ұсынымы бойынша жүргізеді.
Орталықтың мақсаты - халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру. Бұл құрылымдық бөлімше «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен, «Алматы - Адалдық алаңы» жобасымен, ҚР жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, Алматы қаласы әкімдігімен және де жастар ұйымдарымен, БАҚ өкілдерімен байланыста болады.
|