қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.12.2015

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы

Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 686 бұйрығына сәйкес Педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен «Ұлттық тәрбие» жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық иегерлері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Серік Жайлауұлы Пірәлиевті, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Марат Алмасайұлы Нұриевті және қызметкерлері Жанар Айтбергенқызы Сейсенбаеваны, Құндыз Жамиқызы Ағанинаны, Әсем Ерікқызы Садықованы, сонымен қатар Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері педагогика ғылымдарының докторы, профессор Манатгүл Шаяхметқызы Мұсатаеваны шын жүректен құттықтайды!