Main
News
14.10.2019 Кітап білім мен рухани қазына болып қала береді
2019 жылы 12 қазан күні Абай университетінің Педагогикалық шеберлік академиясы аясында аға оқытушы Саят Ибраимовтың жетекшілігімен құрылған «ОК»- оқырмандар клубы» кезекті кітап талдау іс-шарасы өтті.
Клубтың басты мақсаты - бұл көркем әдебиетті одан әрі кеңінен насихаттау, ең жақсы кітаптарды таңдауға ынталандыру, оқырмандардың пікірлерімен алмасу, осы үдерісті зерттеу және жүйелі талдау әдістерін дамыту.
Іс-шара барысында Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», С.Мұратбековтың «Жабайы алма» сынды романдары және көптеген повестьттер мен әңгімелер талданды.
Шараға қатысушылар кітап оқу қызықты, ал одан қызығы - оқылған кітаптарды көпшілікпен бірге талдау оданда қызық екенін атап өтті. Бұл кездесу осындай рухани әсер алатын шығармашылық шаралардың қажеттілігін көрсетті.
Педагогикалық шеберлік академиясы |