Main
News
15.10.2019 Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін
2019 жылдың 14 қазанында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының доценті Жаңыл Мадалиева Математика, физика және информатика институтында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасымен студенттерді таныстыру және «Философия» саласы бойынша аударылған кітапхана қорындағы оқулықтарға шолу жасау мақсатында кездесу өткізді.
Атап айтқанда, Жаңыл Мадалиева студенттерді философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы қарастырылған Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін» еңбегімен таныстырды. Кездесу барысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған оқулықтар туралы презентация мен видео көрсетілді. Студенттер жаңа оқулықтармен қызыға танысып, өз пікірлерін білдірді.
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы |