Main /
Announcements
07.04.2017
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіФилология және көптілді білім беру институтыКәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Халықаралық симпозиум
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ»
2017 жылдың 21-22 сәуірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және «Қазақстандық ғалым әйелдердің қоғамы» 2017 жылдың 21-22 сәуірінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Әйел. Қоғам. Білім және Ғылым» атты Халықаралық симпозиум өткізеді. Отандық және шетел ғалымдарын, білім, ғылым және мәдениет мекемелерінің мамандарын симпозиумға қатысуға шақырамыз.
Симпозиумнің мақсаты: Ғалым әйелдерге білім мен ғылымның және қоғамның өзекті мәселелерін көптарапты диалог негізінде талқылауға мүмкіндік туғызу.
Халықаралық симпозиумның өткізілу форматы: Халықаралық конфренция: «Ғалым әйелдердің қоғамның, білім мен ғылымның жаңғыруындағы рөлі» Дөңгелек үстел: «Ғалым әйелдер - қоғамның қозғаушы күші»
СИМПОЗИУМНЫҢ БАҒЫТТАРЫ: 1. Мәдениетаралық/көптілді білім беру 2. Тілдерді оқыту мен үйретудегі инновациялар 3. Қазіргі заман психологиясы: мәселелері мен келешегі 4. Қазақстан дамуының заманауи кезеңіндегі отбасы мен отбасылық құндылықтар (жахандану жағдайындаға отбасы, отбасылық құндылықтар мен жастар) 5. Қазіргі лингвистика мен әдебиеттанудың негізгі мәселелері (когнитивті лингвистика, қолданбалы лингвистика, дискурс және т.б.) 6. Лингвомәдениет: тіл, адам, қоғам және табиғат 7. Қоғамдық қатынастардың жаһандануы контекстіндегі адам құқығының дамуы 8. Салауатты өмір салты - салауатты ұлт кепілі (тамақтану, ана және бала денсаулығы, спорт)
Симпозиумға қатысу түрі: тікелей немесе сырттай қатысу. Мақалалар, өтініштер және сканерленген төлем түбіртектері simpozium2017@mail.ru электрондық адресі бойынша 2017 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.
Тікелей қатысу және мақаланы жарыққа шығару-5000 теңге (сертификатпен); Сырттай қатысу және мақаланы жарыққа шығару - 3500 теңге
Симпозиум тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Симпозиум материалдары жеке жинақ болып шығады деп жоспарлануда. Ұйымдастыру комитеті мазмұны және рәсімделуі талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқылы. Жинаққа Ұйымдастыру комитеті таңдаған материалдар енгізіледі.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Мәтін көлемі 5-7 бет сілтемені қоса есептегенде, Times New Roman қаріпімен MS WORD (6.0-7.0) редакторында жазылу керек, қаріп өлшемі (кегль) - 14, жол аралығы - дара; өрісі: жоғарғы - 2 см, төменгі - 2,5 см, оң - 2 см, сол - 2 см; Абзацтың шегінісі:сол жағы - 0, оң жағы - 0, алғашқы жолы-1,25см. Мәтінге суреттер, сызбалар, қойылмайды. Беттерді нөмірлеуге болмайды. Мәтіндегі әдебитетті сілтемелер тік жақша ішінде реттік санмен белгіленеді. ұсынылған ғылыми материалдар «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдардың баспалық рәсімделуі» 7.5-98 МЕМСТ, мақаланың жанындағы библиографиялық тізімдер, «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен жасау ережесі» 7.1-2003 МЕМСТ сәйкес мақалаларды рәсімдеу бойынша негізгі баспалық стандарттарға сәйкес рәсімделуі тиіс. Электрондық құжаттың рәсімделуіне назар аударыңыз. Сол жақтағы бұрышта - ӘОЖ, бір аралықтан кейін ортада - бас әріптермен автордың тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы немесе лауазымы, жұмыс орнының толық атауы жазылады. Мақала атауы (қалың қаріппен ерекшелеу керек), ортада, атаудың соңына нүкте қойылмайды. Әрі қарай бір аралықтан кейін түйін сөздер мен ағылшын тілінде аңдатпа келтіріледі; әрі қарай мақала жазылған тілде аңдатпа және түйін сөздер келтіріледі (қазақ және орыс тілінде, 8-10 жол, 70-90 сөз).Әрі қарай мақаланың мәтіні келтіріледі. Әдебиеттер тізімі қазақ тіліндегі мақалада «Әдебиет», орыс тіліндегі мақалада «Литература», ағылшын тіліндегі мақалада «References» деп белгіленіп, мақаланың соңында беріледі. Файлдың аты бірінші автордың тегімен сәйкес болуы тиіс.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Әйел. Қоғам. Білім және Ғылым» атты Халықаралық Ғылыми симпозиумға қатысу үшін өтініш
Реквизиттер РГП ПХВ Абай атындағы ҚазҰПУ РНН 600900529562 БИН 031240004969 ИИК KZ 17856000000086696 БИК KCJBKZKX КБЕ 16 АО "БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ"
Жарияланым жарнасын аудару кезінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Әйел. Қоғам. Білім және Ғылым» симпозиумына қатысу үшін жарна» деп міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Жауапты хатшылар: 8 701 803 26 65 - Далабаева Айжан Сабыржановна, 8775 933 83 10 - Себдайырова Айгерім Маратовна, 8 702 264 76 19 - Беркімбаева Гүлназ Оңғарбековна.
|