қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.10.2019

Педагогикалық біліктілікті арттыру семинары өтті

 

2019 жылғы 30 қыркүйектен 4 қазанға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Вадим Аванесовтың (Мәскеу қ.) «Жаңа білім беру және сертификаттау технологияларында тест нысандарын қолдану» курсы бойынша педагогикалық біліктілікті арттыру семинары өтті.

 

Семинар оқу мәтіндерін сандық есептеудегі теориялық негіздер мен практикалық дағдыларды зерттеу, оқыту үшін тестілеу формаларын және жаңа білім беру технологияларын қолдану мақсатында ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Даму стратегиясы және сапаны сараптау департаменті директорының орынбасары Т.Д. Тасбулатов және барлық оқу институттарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификат берілді.

 

   

 

   

 

   

 

 

Білім сапасын сараптау және бағалау бөлімі