Main
News
11.11.2019 «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» поэтикалық кеші
2019 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кітапханасы мен Филология және көптілді білім беру институты (қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 302 - тобы және топ эдвайзері Рахметова Райгүл Сәдуақасқызының) ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» тақырыбында 1-ші курс студенттерінің арасында жыр бәйгесі болып өтті. Оны ашқан Ғылыми кітапхана директоры Нұргүл Имансыдықова сөз алып, студенттерге сәттілік тіледі.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды: бірінші - кезеңде қатысушылар өздерін бейнеролик арқылы таныстырды. Екінші - кезеңде «Өлең сөздің патшасы...» тақырыбында Абай өлеңдерін жатқа оқу бойынша қатысушылар өзара сайысқа түсті. Үшінші - кезеңде әр топтан бір студент «Қазақта қара сөзге дес бермедім» тақырыбында қара сөздерін жатқа айту бойынша сынға түсті. «Құлақтан кіріп бойды алар...» деген атпен төртінші - кезеңде Абай әндерін орындаудан жарыс өтті. Бесінші-кезеңде «Мыңмен жалғыз алысқан Абай» тақырыбында сахналық көрініс қойылды. Аталған кезеңдер бойынша Ғылыми кітапхананың директоры Нұргүл Жайлауқызы, қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Айман Құрманалиева, Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов, академик С.Қирабаев атындағы кафедраның доценті Райгүл Рахметова байқау кезеңдері бойынша әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Үздік топ «Бес Асыл» командасы деп танылды.
Сайыс соңында Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов жарыстың жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, студенттерге толағай табыс тіледі. Барлық қатысушы топтарға арнайы диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.
Филология және көптілді білім беру инcтитуты
|