қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.11.2019

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсында ҚазҰПУ профессорлары дәріс оқыды

 

2019 жылдың 28 қазаны мен 6 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты Музыкалық білім және хореография кафедрасының профессорлары Лора Нарикбаева және Бекен Бекмұхамедов Алматы қаласындағы Өнер мектебінде «Фортепианода ойнауды оқыту үрдісіндегі дәстүрлі және жаңа әдістер» музыкалық бағыты бойынша қосымша білім беру және педагог кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі республикалық курстарында дәрістер циклін оқыды.

 

Қазақстан Республикасының барлық түкпірлерінен келген педагогтар фортепиано сыныбы және өнер мектептері бойынша өзекті мәселелерді талқылады:

- «Музыкалық білім мазмұнын жаңарту мен дамытудың міндеттері мен болашағы»;

- Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы білім беру үрдісінің психологиялық-педагогикалық аспектілері;

- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері»;

- «Қосымша музыкалық білім беру жүйесіндегі заманауи педагогикалық технологиялар»;

- «Балаларға қосымша музыкалық білім беру жүйесіндегі заманауи ақпараттық технологиялар»;

- «Балалар дарындылығының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері»;

- «Балалардың музыкалық дарындылығының диагностикасы»;

- «Шығармашылық балалар ұжымы жағдайындағы қарым-қатынас психологиясы»;

- Балалар бірлестігі теориясы мен тәжірибесінің психологиялық-педагогикалық негіздері;

- «Музыкалық қосымша білім беру жүйесіндегі құзыреттілік-бағытталған білім».

- Фортепианоны оқытудың заманауи әдістері.

 

Лора Нәрікбаеваға мен Бекен Бекмұхамедовқа жоғары кәсібилігі, шығармашылық қабілеті және фортепианоны оқытудың жаңа әдістеріне байланысты оқыған дәрістері үшін тыңдаушылар алғысын білдірді. Профессорлар мектеп директорлары мен РОӘО атынан ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарын алды.

 

   

 

   

 

   

 

   


Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы