қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.11.2019

Ділдабек Дидарбек Алматы қ. Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің үздік төрағасы атанды

 


 

Жастар ісі жөніндегі комитеттердің деңгейін көтеру, жұмыс бағытын жаңарту, жаңа леп беру мақсатында «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 8-13 қараша күндері аралығында Республиканың ЖОО-ның Жастар ісі жөніндегі комитеттері арасында «Үздік төраға» әлеуметтік желі конкурсы өтті.

 

Конкурсқа еліміздің жетекші 17 жоғары оқу орнының Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары қатысып, онлайн дауыс беру нәтижесінде университетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ділдәбек Дидарбек Алматы қаласы бойынша «Үздік төраға» атағына ие болды.

 

Университет ұжымы және жастары атынан Ділдабек Дидарбекті жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, жастар саясатын дамыту бағытындағы ісіне толағай табыстар тілейміз!

 

 

Студенттер кәсіподақ ұйымы