Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының докторанттары тағылымдамадан өтуде
2019 жылдың 03-16 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ -дың Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының докторанттары Жанат Жанбаева және Бакиттижамал Иманмолдаева Түркия Республикасы, Анталия қаласының Ақтеңіз университетінің философия бөлімінде тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама аясында докторанттар шетелдік жетекшілері, профессор Шахин Филизбен Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Мехмет Алтункаямен, университеттің әдебиет бөлімінің деканы Мұстафа Эртурикпен, сонымен қатар философия бөлімінің профессор-оқытушылар құрамымен және магистранттарымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркияның ғылым және білім саласындағы жетістіктері, ғылымның қазіргі жетістіктері және оқытудың жаңа әдістері талқыланды.Пікір алмасу және тәжірибе алмасу болды, екі елдің білім беру саласындағы өзекті мәселелері қаралды.
Сондай-ақ докторанттар шетелдік әріптестеріне арналған «Абай философиясындағы адам мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.Докторанттардың тағылымдамасы, олардың пікірінше, өте тиімді және сөзсіз олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.