Main
News
20.11.2019 Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясына қатысты
2019 жылы 12 қарашада Парижде ЮНЕСКО Бас конференциясының аясында қатысушы елдердің білім министрлерінің кездесуі өтті.Оған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев қатысты.
Такир Балықбаев 17 қарашада аяқталған Францияға іс-сапары аясында шетелдік жоғары оқу орындарының басшыларымен келіссөздер өткізді. Бұл кездесулерге Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директоры А.А.Сәбитова мен К.Бутейе қатысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Сорбонна: INALCO және Пантеон университеттерінде болды. Аталған оқу орындарының басшыларымен кездесулер барысында Такир Балықбаев әрі қарайғы ынтымақтастық мәселелерін талқылады және оларды келесі жылы өтетін құқық пен цифрландыру мәселелеріне арналған Қазақстан-Француз форумына қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, Такир Балықбаев Пуатье университетінің президенті Ив Жанмен кездесті. Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының директорлары, Пуатье университетінің профессоры, Әдебиет және тілдер факультетіндегі Орталық Азия университеттерімен өзара әрекеттесуге жауапты Лючиа Баджини, халықаралық ынтымақтастыққа жауапты Филипп Рожон қатысты. Тараптар түрлі салалардағы бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылады.
Тараптар Сорбонна-Қазақстан институты мен жоғарыда аталған француз университеттері арасындағы ынтымақтастықтыодан әрі дамыту, қолданыстағы бағдарламалар мен жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын айқындады.
Ректор Такир Балықбаев пен Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтыныңдиректорлары Пуатье университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Сорбонна-Қазақстан институтының халықаралық құқық және экономикалық мамандықтар кафедрасының магистранттарымен кездесті.
Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясының бұл сапары сәтті және нәтижелі болды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |