қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.11.2019

«Ұстаз - барлық заман ағымындағы мамандық» тәлімгерлік сағаты


2019 жылдың 27 қарашасында Педагогика және психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында профессор Ромсейіт Мұқтанұлы Қоянбаевтың 80 жылдығына арналған «Рухани жаңғырудағы ұрпақтардың бірлігі мен сабақтастығы: теория және практика» тақырыбында аға оқытушы Айгүл Сафаргалиева 2-ші курс студенттерімен «Ұстаз - барлық заман ағымындағы мамандық» тәлімгерлік сағатын өткізді. Іс-шара халықаралық ғылыми фестивалі аясында өтті.


Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамға зияткерлігі дамыған, ұтқыр, креативті, белсенді жеке тұлға қажет, мұндай тұлғаның қалыптасуы бала кезінен бастау алып, оның негізі бастауыш мектепте қаланады. Бұл ретте бастауыш сынып мұғалімінің үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Профессор Ромсейіт Қоянбаев бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселесімен айналысты. Ол өзінің басты мақсатында оқу-тәрбие үдерісін ізгілендірудің жаңа идеяларын енгізу, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғасын жоғары оқу орнында қалыптастыру қажет деп есептеді.


«Ұстаз - барлық заман ағымындағы мамандық» тәлімгерлік сағаты профессор Ромсейіт Мұқтанұлы Қоянбаевтың университет қабырғасында болашақ мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру туралы идеясын жүзеге асыруға бағытталған.


Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даулен Ыдырысов, педагогика кафедрасының профессоры Бауыржан Сайдахметов, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Гаухар Камза және 2-ші курс магистранттары қатысты.

 

   

 

   

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы