Main /
Announcements
03.10.2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ ӘЛЕМ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы «Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар: тарихы және қазіргі кезеңдегі дамуы» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция 2017 жылдың 24 қарашасында өтеді.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда:
Пленарлық мәжіліс.
І-секция. Халықаралық қатынастар және Орталық Азия мемлекеттерінің саясаты.
ІІ-секция. Орталық Азия мен шектес мемлекеттердегі этносаяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістер.
ІІІ-секция. Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдегі жаңа құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуының мәселелері.
ІV-секция. Орталық Азия елдері: әлемдік оқыту кеңістігіне кіруінің мәселелері мен болашағы(перспективалары). Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Материалдарды рәсімдеу тәртібі: мәтіннің көлемі толық 4-7 бетке дейін, А4 форматында, WINWORD XP, WORD 97-2003 немесе 2007, шрифт - Times New Roman, Кегель 14, жол арасындағы интервал 1, азат жол - 1,25см. Жоғарғы және төменгі шеттері - 20мм., сол жағы - 30мм., оң жағы - 10 мм. Мақаланың рәсімделуі: Баяндама тақырыбы бас әріппен бір жолдан кейін оң жақ бұрышына жай әріппен, автордың аты-жөні ғылыми дәрежесі, одан бір жол төмен мекеме, қала аты жазылады. Келесі жолдан негізгі мәтін басталады. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі. Мысалы, [1, 17-б]. Мақаланың соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылған мәтін үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түйіндеме (резюме) беріледі. Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайға электрондық поштамен жіберілуі керек: mereke_55@mail.ru. r.r.r.a@mail.ru, nadira_kyrymzhanova@mail.ru. Файл аты мақала атымен аталуы шарт. Конференцияға қатысу үшін мақалалар 10 қараша 2017 ж. дейін ұйымдастыру комитетіне жіберілсін. Конференция жұмысына қатысушылардың іс-сапары шығындары жіберуші ұйым тарапынан. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25. Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, «Әлем тарихы» кафедрасы - 604 каб. Тел. (7272) 291-63-54,. Сот. 870276098-54; 87477791155; 87011250235 Талаптарға сай болмаған, белгіленген уақыттан кешіктірілген мақалалар қаралмайды және авторға қайтарылмайды. Ұйымдастыру комитеті
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________ Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________________________ Лауазымы: ______________________________________________________________ Ұйымның толық атауы: ______________________________________________________________ Байланыс телефоны: ______________________________________________________________ Автордың адресі:________________________________________________________ Факс, E-mail ______________________________________________________________ Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:_____________________________________________________
|