қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.12.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-да біліктілікті арттыру курстары өткізілді


2019 жылдың 5-6 желтоқсанында Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің мамандары - п.ғ.к., білім саясатын зерттеу зертханасының меңгерушісі Н.Н.Шевелёва және п.ғ.к., білім саясатын зерттеу зертханасының жетекші ғылыми қызметкері С.М.Лесинамен «Цифрлық экономика жағдайындағы педагогикалық қызмет» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары жүргізілді.


Оқыту бағдарламасында оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыруда цифрлық медианы (фото, видео) пайдалану технологиялары, оқушылар мен студенттермен қарым-қатынастың цифрлық құралдары, цифрлық білім беру технологияларының түрлері мен типтері, мультимедиялық тапсырмалардың конструкторлары, білім беру ортасы және онлайн-платформалары қарастырылды. Курс бағдарламасы мектептегі білім беруде цифрлық технологияларды қолдану педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған. Бағдарламаның өзектілігі педагогтарды қазіргі заманғы цифрлық технологиялармен және оларды мектепте білім беруде пайдалану әдістемесімен таныстыру, педагогтарға аралас оқыту технологияларын табысты іске асыруға мүмкіндік беретін қадамдық алгоритмдер мен ұсынымдарды әзірлеу қажеттілігімен негізделген.


Курста 112 адам оқыды: жоғары оқу орындарының оқытушылары, Алматы және Қарағанды қалаларының мектеп мұғалімдері, Алматы қ. НЗМ мамандары.