қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.12.2019

Профессор Р.М.Қоянбаевтың 80 жылдығына арналған «Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» халықаралық ғылыми фестивалі

 

2019 жылдың 10 желтоқсанында көрнекті ғалым, профессор Р.М.Қоянбаевтың 80 жылдығына арналған «Рухани жаңғырудағы ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы: теория және тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық ғылыми фестивалінің ашылу салтанаты болып өтті.

 

Аталмыш іс-шараның мақсаты - Р.М.Қоянбаевтың педагогикалық идеяларын зерттеу арқылы қатысушылардың ғылыми әлеуетін арттыру. Іс-шараны Педагогика және психология институтының студенттері Мария Лаврова және Динмухаммед Жұмабек жүргізді.

 

Іс-шараның ашылу салтанатына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры Мақтағали Бектемісов, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры Марина Романова, Р.М.Қоянбаевтың жары Қалдан апай, туыстары мен жерлестері, сондай-ақ ғылым және білім беру саласының белгілі қызметкерлері қатысты.

 

Фестиваль салтанаты Аскен Маханованың жетекшілігімен дайындалған «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің хорымен ашылды. Одан кейін Гаухар Камза жетекшілігімен домбырашылар ансамбілі өнер көрсетті.

 

Іс-шара барысында «Үздік Қоянбаевтанушы» жобаларының нәтижелері жарияланды.

 

«Үздік мақала» байқауы бойынша төмендегі қатысушылар марапатталды:
3-ші дәрежелі дипломмен - профессор Қалибек Ыбырайымжанов, доцент Алмагүл Айтпаева, профессор Гүлнар Уайсова;
2-ші дәрежелі дипломмен - доценттер Әсел Акпаева мен Лариса Лебедева, аға оқытушы Разия Каримова;
1-ші дәрежелі дипломмен - аға оқытушы Элмира Уайдуллақызы.


«Үздік сұхбат» байқауы бойынша төмендегі қатысушылар марапатталды:
2-ші дәрежелі дипломмен - «Әлеуметтік педагогика және мектепке дейінгі білім беру» мамандығының 3 курс студенттері (ғылыми жетекші: доцент Алмагүл Айтпаева);

1-ші дәрежелі дипломмен - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттері (ғылыми жетекші: аға оқытушы Ақерке Умирбекова).

 

«Үздік фотоколлаж» байқауы бойынша:

3-ші дәрежелі дипломмен - «Әлеуметтік педагогика және мектепке дейінгі білім беру» мамандығының 2 курс докторанты Айдын Қожагулов; 1 курс студенттері және олардың жетекшісі Айжан Тусупова;

2-ші дәрежелі дипломмен - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттері және олардың жетекшісі Айдос Абдыкадыров; «Әлеуметтік педагогика және мектепке дейінгі білім беру» мамандығының 4 курс студенттері және олардың жетекшісі аға оқытушы Разия Каримова;

1-ші дәрежелі дипломмен - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс докторанттары марапатталды.

 

«Үздік деректі фильм» байқауы бойынша:

2-ші дәрежелі дипломмен - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттері және олардың жетекшісі Әсел Стамбекова; 2 курс докторанттары;

1-ші дәрежелі дипломмен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс магистранттары және олардың жетекшісі профессор Гүлбану Садуақас марапатталды.

 

«Үздік тәлімгерлік сағат» байқауы бойынша марапатталғандар: 3-ші дәрежелі дипломмен - аға оқытушы Раузия Исмагулова, аға оқытушы Назира Атемкулова, аға оқытушы Гаухар Камза.

2-ші дәрежелі дипломмен - аға оқытушы Анар Алимбекова, аға оқытушы Ардақ Тазабекова;

1-ші дәрежелі дипломмен - профессор Бауыржан Сейдахметов.

 

Фестивалдің келесі кезеңінде «Қоянбаев атындағы үздік топ» үшін 1-2 курс студенттері арасында байқау өткізілді. Бұл байқауға қатысқан студенттер таңдаған мамандықтарының дұрыс екеніне көздері жеткендіктерін айтты, өз бойларында ояна бастаған кәсіби сапаларын бағалады, болашаққа бағдар пайда болғанын т.б. сөз етті. «Қоянбаев атындағы үздік топ» атағын алуға БОПӘ мамандығының 2 курс 1 топ студенттері (қазақ бөлімі, тәлімгер А.С. Тазабекова ) лайық деп танылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы