Педагогика және психология факультеті |
Миссия - Ұлттық мұра мен әлемдік білім беру трендтері негізінде цифрлық дәуірдің педагогтары мен психологтарын даярлаудың жетекші инновациялық орталығы.
Пайымдау-2025 - Қазақстан Республикасында педагогикалық білім берудің драйвері, жаңа формациядағы педагогтардың шеберханасы.
Тарих - Педагогика және психология институты 1999 жылы дефектология мен бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің бірігуі негізінде қаланды. Жаңа факультетті п.ғ.к., профессор Р.М.Қоянбаев басқарған. Ол институттың құрылуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосты. Көрнекті ғалымның институтқа сіңірген еңбектерін есте сақтау мақсатында оқу корпусының №29 дәрісханасына Р.М.Қоянбаев есімі берілді.
Педагогика және психология институты бүгін: Институттың білім беру бағдарламалары «Білім беру» бағыты бойынша QS by Subject халықаралық рейтингінде 62 орында; АРТА ұлттық рейтингісі және ACQUIN аккредиттеу бойынша жоғары, жетекші орындарға ие.
Педагогика және психология институты бакалавриаттың 13, магистратураның 11 және PhD докторантура бойынша - 5 білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде дайындық жүргізеді, оның ішінде педагогикалық профилдегі білім беру бағдарламалары: бакалавриат - 12, магистратура - 9, PhD докторантура - 5.
2021/2022 оқу жылында институтын ПОҚ штаттық саны 192 оқытушыны құрайды, оның ішінде 28 ғылым докторы, 59 ғылым кандидаты, 59 PhD докторы. Ағымдағы жылы шетелдік серіктес ЖОО-ның 4 профессоры шақырылды.
2021 жылы институттың профессор-оқытушылар құрамы шығарған 594 ғылыми мақалардың 64-і шетелдік импакт-фактор журналдарында (Web of Science - 4 мақала, Scopus-60) жарияланған, 70-тен астам оқытушылар мен ғалымдардың Хирш индексі бар.
Института 4 ғылыми журнал шығарылады, оның 3 журналы ҚР БҒМ ҒССҚЕК ұсынған тізбеге кіреді және қазақстандық дәйексөз базасына енгізілген.
2021 жылы инновациялық әзірлемелерге 34 авторлық куәлік алынды.
Институтта философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі 4 Диссертациялық кеңес жұмыс істейді, Жас ғалымдар кеңесі бар. Студенттер мен магистранттар арасында ғылым дамып келеді: 2021 жылы 195 студент халықаралық және республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары атанды.
Институт әлемнің 14 елінен 20 университетпен ынтымақтасады, оның ішінде әлем университеттерінің топ - 500 академиялық рейтингінен 4 университет (the Academic Ranking of World Universities, ARWU). Институт 10 Халықаралық ғылыми-білім беру жобасын жүзеге асыруда.
Институттың инфрақұрылымы. Қазіргі уақытта институт Төле би көшесі, 31 мекенжайы бойынша орналасқан 38 оқу кабинетінен (аудиториялық кабинеттер, дыбыс жазу студиялары, компьютерлік сыныптар және лингафондық кабинеттер) тұратын жеке оқу корпусы бар, осының бәрі оқу үдерісін және мәдени-бұқаралық іс-шараларды толыққанды өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Институт құндылықтары: Институт профессор - оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері ұжымның әрбір мүшесінің дамуына жағдай жасайтын төмендегі құндылықтармен бөліседі: -Кәсібилік; - Жоғары академиялық стандарттар; - Корпоративтік мәдениет; - Қатысу; - Студентке бағдарлану.
|