Математика, физика және информатика институты |
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты білім және ғылым саласындағы түрлі шетелдік жоғары оқу орындарымен және халықаралық ғылыми орталықтармен тығыз жұмыс істейді. Жетекші шетелдік ғалымдар кафедраның магистранттарын, докторанттары мен оқытушыларын оқытады, ғылыми кеңесші ретінде жұмыстар жүргізеді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің магистранттар мен докторанттар жақын (Беларусь, Ресей) және алыс (Түркия, Польша, Германия, Литва) шет елдерінің жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. 2019 жылдан бастап В.П.Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей, Красноярск) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде 44.04.01 «Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы» (желілік нысанды пайдалана отырып) қос дипломды білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.
Математика, физика және информатика институты студенттерінің академиялық ұтқырлығы ҚР БҒМ -нің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 «Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» бұйрығының 5-тармағына және ҚР БҒМ студенттер мен ОПҚ-ның сыртқы академиялық ұтқырлығы туралы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда Математика, физика және информатика институты әлемнің 30 жетекші университетінің мамандарымен бірлескен келісім-шарт негізінде жұмыс істейді, оның 15-і ТОП-500-ге кіреді. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытушылар мен студенттердің алмасуы, ғылыми тағылымдамадан өтуі, бірлескен ғылыми жобалар, семинарлар мен конференциялар тұрақты түрде жүргізіледі.
Шетелдік серіктестер
|