қазақша · русский · english
 
Ғылыми- зерттеу қызметі
     
     

     

    Математика, физика және информатика институтының төрт кафедрасында 2 ҚР ҰҒА академигі, 2 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 21 ғылым докторы және 34 ғылым кандидаты, 17 PhD докторы, 47 магистр, аға оқытушылар мен оқытушылар жұмыс істейді.

     

    Институттың ғылыми-педагогикалық қызметі математика, физика және информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесімен, сондай-ақ білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізумен байланысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Институт цифрлық университетті құрудың теориялық және практикалық тәсілдерін белсенді дамытуда. Институттың зерттеу басымдықтарының бірі - STEM білім беру.

     

    Институт базасында педагогикалық STEM-парк жұмыс істейді, оның мақсаты робототехника және мехатроника бойынша инновациялық технологияларды Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне енгізу болып табылады.

     

    Bilim Media Group ұйымымен бірге BilimLand платформасында онлайн және офлайн режимінде жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынатын BilimLab білім беру ресурстық орталығы ашылды. 

     

    Институтта философия докторы (PhD) профиль бойынша, доктор дәрежесін беру үшін 4 Диссертациялық кеңес жұмыс істейді:

    - «8D01501 - Математика» (Білім беру), «8D01504 - Физика» (Білім беру), Кеңес төрағасы - п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі А.Е. Әбілқасымова.
    - «8D01507 - Информатика» (Білім беру), «8D06101 - Информатика», Кеңес төрағасы - п.ғ.д., профессор Е.Ы. Бидайбеков.
    - «8D05302 - Физика», Кеңес төрағасы - ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі В.Н. Косов.
    - «8D05401 - Математика», Кеңес төрағасы - ф-м.ғ.д., профессор А. С. Бердышев.

     

    Институтта ғылыми-әдістемелік семинарлар жұмыс істейді:

    1. «Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері», жетекшесі - п.ғ.д., профессор Е.Ы. Бидайбеков.

    2. «Мектепте және университетте физика-математикалық пәндерді оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздері»,жетекшесі - ҚР ҰҒА, п.ғ.д., профессор А.Е. Әбілқасымова.

    3. «Математикалық және компьютерлік модельдеудің дифференциалдық теңдеулерінің қазіргі мәселелері», «Математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері және олардың қолданылуы», жетекшесі - ф.-м.ғ.д., профессор А.С. Бердышев.

    4. «Физика» физика кафедрасының семинары, жетекшесі - ф.-м.ғ.д., профессор В.Н. Косов.

     

    Сондай-ақ институт қызметіне қатысты білім беру саласының проблемалары бойынша ғылыми-әдістемелік семинарлар үнемі өткізіліп тұрады. Жыл сайын студенттер мен магистранттарға арналған ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, олардың нәтижелері бойынша зерттеу жұмыстары туралы есеп беруге мүмкіндіктер қарастырылған. Студенттер мен магистранттар түрлі олимпиадаларға, конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Сонымен қатар, институттың ғылыми және қоғамдық жұмыстарына ғана емес, қала мен елдің өміріне де белсенді қатысады.