қазақша · русский · english
 
 
 
27.12.2022

TechCup робототехника және инновациялық технологиялар чемпионаты


21-22 желтоқсан аралығында Алматы қаласы Әкімінің кубогы үшін робототехника және инновациялық технологиялар бойынша TechCup VII ашық чемпионаты өтті. Чемпионаттың 5 бағыты бойынша республикамыздың 14 облысынан 2500-ден аса үміткер қатысты. Чемпионат 7 мен 22 жас аралығындағы қатысушылардың арасында өткізілді, олар өздерінің бірегей инженерлік жобаларын ұсынып, өз білімдерін көрсетті.


Чемпионат алаңында робототехника, жаңа технологиялар және бағдарламалау, инженерлік технология, 3D модельдеу саласында жарысты. Барлық дайындық жұмыстары Abai Labs Инновациялық парк жанындағы STEM-технология лабороториясында Қасым Сейдуәлінің жетекшілігімен жүргізілді.Осы чемпионатта ІТ-дағы бизнес бағыты бойынша Абай университетінің намысын «Робототехника және машина механикасы» мамандығының 4-ші курс студенті Мұхтархан Ерсін және «Информатика ағылшын тілінде» мамандығының 3-ші курс студенті Амина Төрекелдиева абыроймен қорғап, жүлделі 1 орынға ие болды. Жеңімпаздар 1-ші дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 

Тағы бір командамыздың жобасы инвесторлардың Акселератор сертификатымен марапатталды. Команда құрамы: «Информатика және робототехника» мамандығының 4-ші курс студенті Алтынбай Біржан, «Информатика ағылшын тілінде» мамандығының 3-ші курс студенті Жібек Төрекелдиева.

 

  alt=  

 

  alt= 

 

 </




Кері оралу