қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2025

Студенттер мен магистранттардың 80-ші ғылыми конференциясы табысты өтті


 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарына» сәйкес университетте студенттер мен магистранттардың мерейлі 80-ші ғылыми конференциясы өтті. Іс-шара 2025 жылғы 24 қарашада ұйымдастырылды. Конференция аясындағы секциялық отырыстар жеке аудиторияларда өткізіліп, қатысушылар ғылыми жобаларын таныстырып, өзара пікір алмасты. «Математиканы оқыту әдістемесі» секциясы 414-аудиторияда өтті. Төраға: Әбілқасымова А.Е., ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор Комиссия мүшелері: Жадраева Л.У., п.ғ.д., қауымдастырылған профессор Хатшы: Жансеитова Л.Ж., PhD, аға оқытушы Бұл секцияға 19 магистрант және 17 студент қатысты. «Физиканы оқыту әдістемесі» секциясы 107-аудиторияда өтті. Төрайым: Әбілқасымова А.Е., ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор Комиссия мүшелері: Сыдықова Ж.К., п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.; Оспанбеков Е.А., PhD, аға оқытушы Хатшы: Жанбекова Г.И., магистр, аға оқытушы Бұл секцияға 51 магистрант және 5 студент қатысты. Студенттер, магистранттар, профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жетекшілер конференцияға белсенді қатысып, ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен маңыздылығын айшықтай түсті.

 

 

  alt=  


  alt=  






Кері оралу