қазақша · русский · english
 
 
 

 

«Латын» ғылыми-тәжірибелік зертханасының директоры, гуманитарлық ғылымдар магистрі Қырықбаев Алмас Бағдатұлы.
Жамбыл, 25. каб. 29, 31.
Тел.: 8 775 369 82 09
Almas-kyrykbaev@mail.ru


«Латын» ғылыми-практикалық орталығы Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды. 2022 жылы ол Абай атындағы ҚазҰПУ ғылым бөлімінің «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркіндегі ғылыми-практикалық зертханасы болып өзгертілді. «Латын» зертханасының негізгі міндеттері:

- оқытудың әдістемелік негіздерін әзірлеу;
- Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емлесін меңгерудің инновациялық нысандары мен әдістерін ұйымдастыру және сынақтан өткізу;
- әліпбиді оқытудың тиімді, жан-жақты, жүйелі әдістемесін жасау;
- эксперименттер жүргізу, тарату, талқылау, нәтижелерді анықтау.