Ғылым |
2019 жылы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ елімізде алғашқылардың бірі болып жетекші ғалымдарды тарту, университеттің ғылыми әлеуетін сақтау және арттыру және университеттің ғылыми мектептерін қолдау мақсатында профессор-зерттеуші лауазымын енгізді.
Профессор-зерттеуші лауазымына ғылыми қызметпен белсенді түрде айналысатын, ғылыми мектептерді қалыптастыруға, басым және жаңа ғылыми бағыттарды ұйымдастыруға және дамытуға ықпал ететін қазақстандық және шетелдік ғалымдар қабылданады.
Іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары: - педагогика ғылымдары; - әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар; - жаратылыстану ғылымдары.
Профессор-зерттеуші лауазымы туралы Ереже
|