Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы | Басты / Факультеттер / Өнер факультеті / Кафедралар / Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-де 1967 жылы ашылып, кейіннен 1988 жылы профессор М.Х. Балтабаевтың жетекшілігімен 1998 жылға дейін музыка-педагогика факультеті болып қайта құрылған. 2008 жылы психологиялық-педагогикалық факультеттің жанынан «Музыкалық білім беру» және «Хореография» мамандықтары ашылады. 2009 жылы кафедра көркемсурет және графика факультетімен біріктірілді. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Музыкалық білім және хореография» кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институтының жеке кафедралық бөлімшесі ретінде жұмыс атқарады.
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы өзінің жұмыс атқару кезеңінде 3000-нан астам жоғары білікті музыка оқытушылары мен хореография және тынығу салалары маман иелері бойынша түлектерін шығарды. Көптеген түлектер Қазақстанның өнері мен білімін дамытуға елеулі үлес қоса отырып, білім беру және мәдениет салаларында маңызды орын ала алды.
Кафедраның елімізге белгілі түлектерінің қатарында Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Рамазан Стамғазиев, Жанар Айжанова, Медеу Арынбаев, «Наз» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі Хадиша Ағымбаева, Еркебұлан Ағымбаев, сондай-ақ, Хоменков Виктор, Башкатов Илья және Жанболат Ербатыров сияқты танымал музыканттар мен әншілер бар. Түлектер саны республикада да, шетелде де танымал бола отырып, әртүрлі білім беру және шығармашылық мекемелерде жұмыс атқара келе, еліміздің өнер мен мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасының басты мақсаты музыкалық білім беру, хореография және тынығу салаларында жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Кафедра, студенттерді пәндік, коммуникативтік, цифрлық және кәсіпкерлік құзыреттіліктерді қоса алғанда, заманауи білім мен дағдылармен қамтамасыз етуге ұмтылады. Бұл мақсат мәдени ортаға сәтті бейімделе алатын, заманауи технологияларды қолдана білетін және өнер мен білім берудің әртүрлі салаларында өзара әрекеттестікке құзіретті білікті мамандарды құруға бағытталған. Осы мақсатқа жету үшін кафедра, негізгі үш бағыт бойынша мамандарды даярлайды: Бакалавриат: 6В01402-Музыкалық білім 6В02109-Хореография 6В011102-Мәдени-тынығу жұмысы Магистратура: 7М01402 - Музыкалық білім 7М11102 - Мәдени-тынығу жұмысы PhD докторантура: 8D01402 - Музыкалық білім
Білім беру бағдарламалары оқытудың заманауи әдістерін қамтиды және дәстүрлі, кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар қазіргі цифрлық және мәдени ортада қажетті құзыреттерді дамытуға баса назар аударады. Цифрлық технологияларды, инновациялық әдістемелерді және кәсіпкерлік дағдыларды белсенді пайдалану, түлектердің өнер, тынығу және білім беру саласында табысты мансапқа дайындығын қамтамасыз етеді.
Ағымдағы кезеңде «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы келесідей: Профессор, ғылым докторы-1 Ғылым кандидаттары, профессордың м. а. - 2 Ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор - 1 Ғылым кандидаттары, қауымдастырылған профессордың м. а. - 2 ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор - 1 PhD, аға оқытушылар-2 Аға оқытушылар -3 Магистр, аға оқытушы-1 Магистр, оқытушылар -3
Жоғары кәсіби ПОҚ, құзыреттіліктің жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар, ғылыми жетекшілердің тәжірибесі мен жас зерттеушілердің энергиясын үйлесуін қамтамасыз етеді. Бұл кафедрада білім берудің жоғары деңгейін көрсетеді, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және табысты дамуға ықпал етеді.
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасы, заманауи технологияларды білім беру үрдісіне қолдануды көздейді, соның ішінде, цифрлық дыбыс жазу студиясы мен жоғары жылдамдықты интернет-қолжетімділігі бар компьютерлік сыныптарды пайдалануды тиімді біріктіреді. Сапалы білім беруді қамтамасыз ету және студенттердің музыкалық білім мен хореография, тынығу салаларында заманауи білім мен дағдыларды игеруі үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Кафедра сонымен қатар, студенттік халық аспаптар оркестрінің, жиынтық хордың, фольклорлық және би ансамбльдерінің, сондай-ақ эстрадалық life band жұмыс атқаруын қамтамасыз ете отырып, шығармашылық ортаны белсенді түрде қолдайды. Бұл шығармашылық ұжымдар студенттердің орындаушылық шеберлігін жетілдіруге ықпал ете отырып, қала мен республиканың түрлі сахналық алаңдарында концерттік қойылымдарға белсенді түрде қастысуларына ықпал жасайды.
|