Main
News
26.12.2019 Мектепте физика пәнін оқыту мәселелері талқыланады
Дөңгелек үстелге бірінші проректор Мақтағали Бектемесов , оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сатмырзаев , математика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев қатысты.
Іс-шара барысында Лейпциг университетінің (Германия) профессоры Махаббат Кенжегалиева, әріптестері Данагүл Қазақбаева және Шерипидин Хамраев бандама жасады. Баяндамаларда орта білімнің жаңартылған мазмұны, Қазақстан Республикасы мен Германияның жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жобалау ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Пікірталасқа ұлттық университеттердің өкілдері - Құндыз Түреханова, Асылгүл Габдуллина, Бекболат Ташев, Қуатбай Бисембаев қатысты. Бұл үдерісте мұғалімнің рөлі зор. Педагог, әсіресе педагогикалық жоғары оқу орнының түлегі, білім беру процесінде негізгі тұлға болуға мүмкіндік беретін білім, дағды, құзыреттілік пен тәсілдер жиынтығы болуы өте маңызды.
Профессор Косов В.Н. ІІ дөңгелек үстел жұмысын қорытындылады, баяндамашылар мен іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жобалау процесінде, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Физика кафедрасы |