қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.02.2020

Түркияда халықаралық өнер симпозиумы өтті

 

2020 жылдың 18-23 ақпанында Туркияның Кахраманмараш қаласында халықаралық өнер симпозуимы мен «Кахраманмараш тарихы, мәдениеті, өнер» көрмесі өтті. Екі шара да Кахраманмараш қаласының 100 жылдығына арналды.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты директоры Тоққожа Қожағұлов, директордың ғылыми және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Ақмарал Сманова қатысты.

 

Симпозиумда институт директоры Тоққожа Қожағұловтың және дизайн кафедрасының оқытушылар құрамы Бағыбай Манасов, Лаззат Аденова, Құралай Бекболатова, Ақмарал Ермаханбетова мен докторант Ғадылбек Әлжановтың шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды.

 

Іс-сапар барысында институтымыздың ғылыми және шығармашылық жұмыстарын дамыту мақсатында іс-тәжірибелер жинақтап, іскерлік кездесулер болды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы