Main /
Announcements
30.11.2017 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Ахметова Айгүл Игенқызының «Болашақ мұғалімдерді жоғары сынып оқушыларының рухани-адамгершілік дамуына психологиялық-педагогикалық даярлау («Өзін-өзі тану» пәні мысалында)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - орыс тілі.
Ғылыми кеңесшілер: Жиенбаева Надежда Бисеновна - психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Гарбер Алена - PhD докторы, Стихтинг-Эуреджио университеті (Stichting Euregio) заманауи ғылымдар колледжінің қауымдастырылған профессоры, Нидерланд. Конрад Решке - психология ғылымдарының докторы, Лейпциг университетінің профессоры, психология және психотерапия институтының директоры, Лейпциг қ., Германия.
Пікір берушілер: Шерьязданова Хорлан Токтамысовна - 19.00.07- Педагогикалық психология мамандығы бойынша психология ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Аринова Бахыт Айтуовна - 13.00.02 оқыту мен тәрбиелеу теориясы және әдістемесі (казақ тілі және әдебиет), аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті. Қорғау 2017 жылғы 30 желтоқсанда сағат 9.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле-би көшесі, 31 (1-қабат, 7-кабинет). Сайттың мекен-жайы: www.kaznpu.kz Аңдатпа 3 тілде (орыс,қазақ және ағылшын тілдерінде)
Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба
|