Main
News
26.03.2020 Абай атындағы ҚазҰПУ қашықтықтан оқытуға көшті
Абай атындағы ҚазҰПУ 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтықтан оқытуға көшті. Оқытуды ұйымдастыруда «Univer» жүйесі (http://univer.kaznpu.kz/), сонымен қатар LMS MOODLE платформасы (http://dis.kaznpu.kz/els/login/index.php) интерактивті қашықтықтан оқыту үшін қолданылады. «Univer» ақпараттық жүйесінде контент 100% толтырылған. Оқу материалдары, соның ішінде оқу-әдістемелік кешендер, оқу жоспарлары, дәрістер, семинарлар, тапсырмалар материалдары жарияланған.
2020 жылдың 16 және 17 наурызында Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы университет оқытушыларына арналған оқу семинарларын өткізді. Семинарлар барысында келесі мәселелер қарастырылды: ҚОЖ жұмысы (moodle), ЭОӘК-н енгізуді дамыту, оқытуды қолдау және ұйымдастыру. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары 26 наурыздан 4 сәуірге дейін вебинар форматында жалғастырылады.
Оқу сабақтары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі, оқытушылар қол жетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып (Skype, MOODLE, ZOOM, Google Classroom, электронды пошта, инстаграм, YouTube және басқалар) әртүрлі жұмыстар (онлайн-дәрістер, видео-дәрістер, өзіндік жұмыс, онлайн курстар және басқалар) жүргізіледі. Бейне есептер және жазбаша есеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына жіберіліп, «Univer» ақпараттық жүйесіне орналастырылады. Апта сайынғы бағалаулар «Univer» АЖ электронды журналда жарияланады. Институттардың әкімшілігі мен дирекциясы үнемі оқу үдерісінің барысын және басқа бақылау түрлерін үнемі қадағалап отыратын болады.
«Univer» АЖ-де қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру «Univer» жүйесінде студенттер үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру «Univer» жүйесінде оқытушылар үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
|