Main
News
03.04.2020 МФИОӘ кафедрасының оқытушылары қашықтықтан оқытуға көшті
Елімізде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нұрсұлтан және Алматы қалаларына адамдардың кіруін / шығуын шектеу туралы» шешімімен 2020 жылдың 22 наурызынан бастап Алматы қаласының аумағында карантиндік шаралар (https:///primeminister.kz/kz/news/ob-ogranicheniyah-na-vezd-vyezd-v-iz-gorodov-nur-sultan-i-almaty-172613) бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Математика, физика және информатика институты математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: доцент Е.А. Туяков, Ph.D докторлары - Ж.М. Нурмұхамедова, Е.А. Оспанбеков, Д.М. Нурбаева, 2020 жылдың 17 наурызынан бастап толығымен ZOOM-оқыту жүйесіне көшті. Олардың бастамасын аға оқытушылар Р.Капарова, Б.Ерженбек, оқытушы Л.Ж. Жансеитова жалғастырды. Кафедраның қалған оқытушылары қысқа мерзімде оқытудың осы түріне көшті. Сонымен, аталған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бұл жүйені алғашқылардың бірі болып университетімізде енгізді. Студенттер мен магистранттар бұрын бекітілген оқу жоспарына сәйкес қашықтан білім алуда, сол арқылы ағымдық бақылау мен емтихан кезеңдеріне дайындықты үзбей, отандық білім берудегі жаңа технологияларды белсенді және қуана қолдануда.
Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы |