қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.04.2020

Қашықтан Халықаралық заң турнирімен короновирусқа қарсы тұрамыз!


2020 жылдың 28 наурызында біздің әріптестеріміз Ресей Федерациясы Коми Республикасындағы Мемлекеттік қызмет және басқару академиясының (https://www.krags.ru/) ұйымдастыруымен «Қашықтан Халықаралық заң турнирімен короновирусқа қарсы тұрамыз!» I-Халықаралық қашықтан студенттер арасында заң турнирі деген құқықтық ойындар ашылды.

 

Турнирге әлем университеттерінен 10 команда қатысуда, оның ішінде Ресей Федерациясы, Армения, Қазақстан, Қырғызстан бар.

 

Аталған турнирге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Құқықтану» мамандығының 1-ші курс студенттері: Асем Суюн, Нұртуған Орынша, Өтеген Дана, Серік Алуа, Өтегенова Ұлдана, Мутиголлаева Әсем, Амангельдинова Әсем қатысып, бақтарын сынауда. Алғашқы турдан бастап біздің студенттеріміз құқықтану бойынша ерекше дайындықтарымен, білімдерімен ұйымдастырушыларды таң қалдыруда.

 

Халықаралық турнир өз жұмысын одан әрі жалғастыруда, біздің студенттерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!

 

   

 

   

 

Құқықтану кафедрасы