Main /
Announcements
05.02.2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар! 2018 жылдың 12 ақпан күні сағат 15.00-де "Ай Пи Эр Медиа" Компаниясы - IPRbooks (Ресей) электрондық-кітапханалық жүйесі университет үшін ақысыз, тегін «Білім беру ісіндегі заманауи ақпараттық технологиялар. Оқу үрдісіне электрондық басылымдарды пайдалану.» мастер-классын өткізеді.
Мастер-кластың мақсаты: қатысушыларды IPRbooks ЭКЖ-нің мүмкіндіктерімен таныстыру, ЭКЖ-ні білім беру үрдісінде пайдалану тәсілдері жөнінде ақпарат беру, жүйенің сервистерін және оларды жұмыста, білім беру жүйесінде қолданылу мүмкіндіктері (есептер жасау, оқу жоспарын, әдістемелік құралдар жасау және т.б.) туралы ақпарат беру.
Оқытушылар мен студенттер үшін ЭКЖ-мен жұмыс істеу аспектілері қарастырылады. Қосымша оқытушылар үшін басылымдарды РҒСИ-де индекстеу, мақалалар жинағын, еңбектер жарияланымдарынын электрондық түрде (дискілерде) «Ай Пи Эр Медиа» компаниясының қатысуымен РҒСИ-ге орналастыруға байланысты сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлеріне арналған ақпараттар блогы ұсынылады.
Шара нәтижесі бойынша мастер-класқа қатысушыларға сертификат беріледі.
Қатысушыларды тіркеу 2018 жылдың 2 - 10 ақпан аралығында жүргізіледі. Мастер-класқа байланысты сұрақтарыңыз бойынша шараны үйлестіруші қызметкерге хабарласуыңызға болады.Шараны өткізуге жауапты: ғылыми кітапхана директоры Нүргүл Имансыдықова Жұмыс телефоны: 8(727) 2 61 22 43; 8(727) 272 81 97
|