қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.05.2020

Физика кафедрасының жаңалықтары

 

2020 жылы 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Математика, физика және информатика институтының студенттері арасында «Жас физик» онлайн-олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 24 студент қатысты. Олимпиада модераторы: қауымдастырылған профессор В. Б. Рыстыгулова болды.

 

Олимпиаданың ашылуында қатысушыларды институт директоры М.Ж. Бекпатшаев және физика кафедрасының меңгерушісі В.Н. Косов, комиссия мүшелері: қауымдастырылған профессор В.Б.Рыстыгулова, аға оқытушылар С.М.Тезекеев, Ж.М.Битибаева құттықтады. Студенттердің орындаған жұмыстарын тексергеннен кейін аппеляциялық комиссия онлайн режимде студенттермен бірге қателіктерге байланысты жұмыстар жүргізіп, есептерді шешу нәтижелерін талқылады. Екінші күні олимпиаданың жабылуы және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Дипломдармен келесі студенттер марапатталды:

 

І дәрежелі диплом

Хайретдинова Дария - МФК-192 тобының студенті

ІІ дәрежелі диплом

Қажымов Жандос - ФЕК-181 тобының студенті

Саламатов Темірлан - ФОК-192 тобының студенті

ІІІ дәрежелі диплом

Нұрхан Әсел - ФЕК-171 тобының студенті

Ыбрахим Дархан - ФОК-192 тобының студенті

Абдусалиев Ержан - МФК-191 тобының студенті

 

 

Физика кафедрасы