Main
News
04.05.2020 Цифрландыру жағдайында оқушыларды оқыту және тәрбиелеуге арналған вебинар
2020 жылдың 29-30 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білімді ақпараттандыру және білім беру технологиялары мәселелерінің халықаралық ғылыми зертханасы «Қоғамды цифрландыру жағдайында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үшін педагогтарды даярлау жүйесін әзірлеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар-дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты - жаңа цифрлық технологияларды талдау және оларды жаппай пайдалану дәуіріндегі жастардың мінез-құлық ерекшеліктерін талдау негізінде Қазақстан Республикасындағы қоғамды цифрландыру жағдайында республикалық педагогикалық жоғары оқу орындары үшін болашақ педагог студенттерді оқыту мен тәрбиелеуге дайындаудың модельдік жүйесін құру және сынақтан өткізу.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар-дөңгелек үстелдің модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ Білімді ақпараттандыру және білім беру технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасының меңгерушісі Е.Ы. Бидайбеков болды.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар-дөңгелек үстел спикерлері: ҚазҰПУ ректоры Балықбаев Т.О., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің информатика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі Григорьев С.Г., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің сандық білім беру институтының аға оқытушысы Курносенко М.В., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің сандық білім беру институтының білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Гриншкун В.В., Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Пак Н. И., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің сандық білім беру институты білімді ақпараттандыру кафедрасының профессоры Заславская О.Ю., Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Босова Л. Л., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының доценті Бостанов Б.Г., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушылары Ошанова Н. Т., Ревшенова М. И. және доцент Камалова Г. Б.
Іс-шараға Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының магистранттары, докторанттары және университеттің профессор-оқытушылары қатысты.
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы |