қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.05.2020

Педагогика және психология институтының түлектерін жұмыспен қамту туралы онлайн-вебинар

 

2020 жылы 3 мамырда Педагогика және психология институтының бітіруші түлектерін жұмыспен қамту бойынша жауапты тұлға Магрипа Ибраева 2019-2020 оқу жылында бітіретін Педагогика және психология институтының бітіруші түлектеріне жұмыспен қамту туралы ақпарат беру жөнінде онлайн-вебинар өткізді.

 

Вебинардың мақсаты - жұмыс берушілердің бос жұмыс орындар сұранысына сәйкес, бітіруші түлектерді берілген бос жұмыс орындарына орналасуына бағдар беру.

 

Іс-шараға институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Ақжолова, «Мансап» орталығының басшысы Р.Қ.Жетібай, бітіруші курстарының топ эдвайзерлері мен Педагогика және психология институтының 6 мамандығы бойынша (5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300-Педагогика және психология, 5В010500-Дефектология, 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 5В050300-Психология) бітіруші түлектері қатысты.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қарасты «Мансап» орталығы (бакалавриат, магистратура, докторантура) университетке келген жұмыс берушілер тарапынан жіберілген бос жұмыс орындар тізімін әлеуметтік желілер арқылы жауапты тұлғаларға жіберді. Олар: Нұрсұлтан қаласы, Ақмола облысы, Павлодар облысы, Алматы облысының Іле және Еңбекшіқазақ аудандары. Түлектер өздеріне лайықты жұмыс орындарын таңдап, тиісті үлгіге сәйкес мәлімет толтырды.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген мамандарды жұмысқа жіберу туралы, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндеті туралы бітіруші түлектерге толығымен ақпарат берілді.

 

   

 

   

 

Педагогика және психология институты