қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.05.2020

«Заманауи педагог-психолог қандай болуы қажет?» эссе байқауының нәтижелері

 

2020 жылдың 20-30 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи педагог-психолог қандай болуы қажет?» - «Кто такой современный педагог - психолог?» тақырыбында эссе байқауы болып өтіп, байқау нәтижелері жарияланылды.

 

Байқау студенттердің болашақ кәсіби қызметтері, рухани даму жайында көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ олардың өзін - өзі танытуы және ғылыми - зерттеу жүргізу қабілеттерін дамыту үшін қолайлы ортаны құруға бағытталды.

 

Байқауды қорытындылау үшін сараптамалық комиссия құрамы бекітілді: псих.ғ.к., доцент Сарсембаева Л.О., аға оқытушылар Таженова Г.С. мен Утеева Қ.Ж., Қазыбаева А.Т.

 

Байқауға «Педагогика және психология» мамандығының 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші курс бакалавриат студенттерінен 53 студент жұмысы түсіп, комиссия құрамымен қарастырылып, тексерілді. Сараптамалық комиссия байқау талаптарында сипатталған, байқаудың орындары бойынша жеңімпаздарды анықтады.


Жеңімпаздар тізімі келесідей:

1 орын - Нұрсадық Мөлдір, ПиП-1 курс 3 жылдық тобының студенті;
2 орын - Орынова Елнұр, ПиП-1 курс 3 жылдық тобының студенті;
2 орын - Сисенбаева Айгүл, ПиП-1 курс 4 жылдық тобының студенті;
3 орын - Елеусіз Аружан, ПиП-1 курс 4 жылдық тобының студенті;
3 орын - Айтекова Инкар, ПиП-1 курс 4 жылдық тобының студенті;
3 орын - Тоғайбай Дина, ПиП-1 курс 4 жылдық тобының студенті;
3 орын - Пак Диана, ПиП-1 курс 4 жылдық тобының студенті.

 

Үздік эссе жазу байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орындар иеленген жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталды.

 

Жеңімпаздарға білім алу жолында сәттілік тілейміз!

 

   

 

       

 

Педагогика және психология кафедрасы