Main
News
15.05.2020 Ғылымның жаңа парадигмасындағы тоғыстырушы үрдістер
Республикалық кезекті дәріс оқу үрдісін академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісіқ Қалбике Есенова «Ғылымның жаңа парадигмасындағы тоғыстырушы үрдістер» тақырыбында жалғастырды. Қалбике Есенова лингомәдени концепт пен әлеуметтік-семантикалық концепт, тар мағыналы стереотип терминдерінің мәнін ашып, медиамәтіндердің интерпретациясы жөнінде тағылымды дәріс өткізді.
Онлайн іс-шараға Түркия Республикасы, Фырат универсиетінің профессоры Ержан Алкая дәрісті жоғары бағалап, өз пікірін білдірді. Филология ғылымдарының докторы Қаламқас Қалыбаева, ОҚМПУ филология факультетінің деканы Ақлима Байғұтова, ОҚМПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Мамыт Амангелді, осы іс-шараны ұйымдастырушы ОҚМПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD докторы Мыңбаева Ақбілек академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасындағы әріптестеріне және профессор Қалбике Есеноваға алғыс білдіре отырып, келешекте осы үрдісті одан әрі жалғастыруды ұсынды.
|