Main
News
26.05.2020 Отандық тарих оқиғалары куәгерлер көзімен
Биылғы карантин, оқу процесіне кері ықпал етті. Әйтсе де, студенттерге ғылыми-зерттеу сұхбаты технологиясын үйретуде керісінше, тиімді болды. Өйткені студенттер зерттеу жобасын іске асыру үшін респонденттерін өз отбасынан оңай тапты. Аға буын тыл өмірінен тарихи сұхбат берсе, орта буын өкілдері күні кешегі 90-жылдардың өтпелі кезеңінен сыр шертті. Сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлері отбасына бұрын-соңды айта бермейтін тарихи әңгімелерімен бөлісті. Ұрпақ аралық сабақтастық орын алуда. «Айтылған тарих» пәнінің аға оқытушысы Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының ассоц.проф. т.ғ.к., Мырзатаева Забираның жетекшілігімен жүргізілген бұл сабақ жастардың мемлекетшілдік, отаншылдық сезімін күшейтуді және оларды ғылымға тартуды көздейді. Біз төменде есімдері аталатын студенттер мен тарихи сұхбаты бейнежазба түрінде өткізген Д.Құдайбергеновке, Н.Жүсіпке, А.Тәженоваға, басқа да осы топтағы жастарға ғылымда сәттілік тілейміз! Суретте Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты 3-курс студенттерінің фотоесеп материалдары:
Тарих және құқық институты |