Main
News
27.05.2020 London School of Digital Business шетелдік студенттерге арналған вебинар
2020 жылдың 19 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті және London School of Digital Business студенттерге арналған «Digital Marketing Strategies for 10X Growth» вебинарын өткізді.
Спикер - Sachin Parekh мырза, London School of Digital Business директоры, цифрлық маркетинг және блог жүргізудің негіздері, олардың компоненттері мен монетизация бағдарлары туралы әңгімеледі, білім беру бағдарламалары және сертификаттар деңгейлерін ұсынды.
Презентация аудиторияда үлкен қызығушылық тудырды, вебинарға қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, ұсынылған бағдарламаларды талқылады.
|