қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.06.2020

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


Университетіміздің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес Тарих және құқық институтының бастамасымен 31 мамары күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті.


Шараға тарих ғылымдарының докторы, академик Мәмбет Қойгелдиев, тарих ғылымдарының докторы, академик Хангелді Әбжанов бастаған тарихшы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері және университетіміздің Тәрбие департаменті, Жастар ісі жөніндегі комитет өкілдері және Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылары қатысты.


Шара барысында XX ғасырда қазақ халқының басына төнген зұлмат террор туралы тарихи деректерге негізделген баяндамалар жасалып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым көрсетілді.

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департаменті