Main
News
04.06.2020 Республикалық оқу-әдістемелік вебинар
2020 жылы 3 маусымда «Мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту: жүзеге асыру және тәжірибе» республикалық оқу-әдістемелік вебинары өтті.
Бұл кездесудің бастамашысы Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Майсам Бакиева болды. Бұл колледж Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының серіктесі болып табылады.
Тестілеу орталығының директоры Даража Исабаева семинар модераторы болды. Кездесуді дайындауға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың цифрлық еріктілері қатысты.
Семинарда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев сөз сөйледі.
Білім берудегі қашықтан оқыту әдістері, әртүрлі оқыту технологияларын пайдалану туралы баяндамашылар айтып берді, олардың арасында тәжірибелі педагогтар мен ғалымдар, сондай-ақ жас докторанттар болды.
Вебинар тыңдаушылары тек университеттердің оқытушылары мен қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар Даму және білім беру орталықтарының мамандары, Алматы, Талдықорған, Қаскелең, Талғар, Жаркент, Есік және т.б. мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары - барлығы 60-тан астам қатысушы болды. Абай атындағы ҚазҰПУ әріптестерінің тәжірибесін жалпылау тек пайдалы ақпарат қана емес, сонымен қатар қашықтан оқыту принциптерін шығармашылық игеру және іске асыруға себеп болды.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы |