Main /
Mass media about us
10.06.2020 Абай атындағы ҚазҰПУ IAAR-2020 рейтингісінде үздік төрт университеттің қатарына енді
2020 жылғы мамыр айының 15 - інде ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі - 2020 жарияланды. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үздік төрттікке енді. Педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында біздің университет бірінші орынға ие болды. Жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингісінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша қорытынды көрсеткіштермен (24345) ҚР жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді.
Жоғары оқу орындарының ұлттық сұранысқа ие рейтингіне биыл 89 отандық оқу орны қатысты. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жыл сайын өткізетін «ҚР жоғары оқу орындарына сұраныстың Ұлттық рейтингі-2020» бұл еліміздің жоғары білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін саралау мен бағалаудың тиімді құралы болып табылады.
Сараптамалық білім беру бағдарламаларының нәтижелерін сала бойынша бағалау рейтингісіндегі жетістік білім беру бағдарламаларының санына емес, сапасына және әртүрлілігіне, университет профилінің сәйкестігіне байланысты екенін көрсетеді. Рейтингке қатысу білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, табыстылығын арттырудың, ел дамуының маңызды салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасының әлемдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған шешуші факторына айналуда.
Авторы: Нұрлан Тілегенұлы 10.06.2020 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz
|