қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.06.2020

Абай университетінде ҰБТ-ның бірінші күні 235 абитуриент тест тапсырды

 

21 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҰБТ-ның бірінші күні өтті. Тестілеуге Алматы қаласындағы алты мектептің 235 түлегі қатысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ базасында ҰБТ-ны ұйымдастыруға ректор Такир Балықбаев, университет басшылары және қызметкерлері қатысты.


ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, бекітілген алгоритмге сәйкес өткізілді. Қалалық білім басқармасы мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жоспарына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралу қаупін төмендету үшін барлық профилактикалық жағдайлар жасалды: абитуриенттердің арасындағы қашықтықты сақтау мақсатында шектеу таспалары орнатылды және аудиторияларда тестілеуден өтетіндердің санын екі есе (50% - ға) азайтумен 15 аудитория дайындалды; тепловизорлар; бактерицидті шамдар және әрбір аудиторияда ауа рециркуляторлары; дезинфекция тоннелі; дезинфекциялаушы кілемшелер; санитайзерлер; ҰБТ барлық қатысушыларына арналған маскалар және қолданылған маскаларды жоюға арналған жәшіктер; медициналық пункттегі маскалар мен майлықтар қоры дайындалды.Ғимарат жанында жедел жәрдем бригадасы мен өрт сөндірушілер кезекшілік етті.


Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлы медициналық қызметкерлер талапкерлердің дене температурасын өлшеп, әрқайсысына жаңа маска беретіндігін атап өтті.«Бүгін қызуы жоғары балалар болған жоқ. Егер талапкердің қызуы көтерілген жағдайда, ол жедел жәрдем қызметкерлерімен тексерілуге жіберіледі. Талапкердің денсаулығы анықталғаннан кейін ол басқа күндері ҰБТ тапсыра алады », - деді ол.

 

Әрбір талапкер тестілеуден өтер алдында ҰБТ ережелерімен танысады, актіге қол қояды. Арнайы планшеттің көмегімен тестіленушілердің жеке басы анықталады. Әрбір аудиторияда ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен комиссия өкілі қатысады.

 

Биыл ҰБТ 21 маусым мен 4 шілде аралығында өтеді. Мектеп түлектері 21-30 маусым аралығында, ал колледж түлектері 1-4 шілде аралығында тестілеуден өтеді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім