қазақша · русский · english
   
  Main  News
25.03.2016

Ел болашағы үшін маңызы зор сайлау


2016 жылдың 20 наурызы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.
Университет жанындағы №363 сайлау учаскесінде сайлау таңғы сағат 07.00-де мемлекеттік әнұранмен өз жұмысын бастады. Сайлау учаскесінің төрағасы Увалиев Талғат барлық комиссия мүшелерін, байқаушылары мен сенімді өкілдерінің алдында құттықтау сөз сөйлеп, бұл сайлауды ашық және әділетті өтетіндігін тілге тиек етті.
Сайлауға келген алғашқы бес дауыс берушіге гүл шоқтары мен сыйлақтар табысталды. Биылғы сайлауда аудан тұрғындары мен университет жастарының үлкен белсенділік аса жаупкершілік танытқаны электрораттық мәдениеттің өскендігін байқатты.
Аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі бақылаушылар мен сенімді өкілдер сайлау барысын жіті қадағалап, заңнамалық нормалардың сақталуына үлкен мән берді. № 363 сайлау учаскелік комиссия мүшелері бұл сайлауда жоғары біліктіліктерін көрсете білді.
Шетелдік бақылаушылар сайлау барысында халқымыздың ерекше белсенділігіне таңданыстарын жасыра алмады. Соның бірі Финляндия мемлекетінен келген бақылаушы Қазақстанға алтыншы рет ат басын тіреп тұрғанын алға тартып, қазақ халқының өз елін сүйетініне, құрметтейтініне, келешекке кемел сеніммен қарайтынына таңданысын жасырған жоқ.  Ал жергілікті тұрғындардың сайлау науқанына бір кісідей атсалысқандығын елдегі демократиялық үрдістердің орнығуының айғағы деп ойын тұжырымдады.
Демек, бұл сайлау өз дәрежесінде демократиялық қағидаттарға негізделіп, халықралық талаптарға сай өткендігін көрсетеді.

Тәрбие жұмысы, жастар саясаты
және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы