қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.07.2020

«Abai University graduation» түлектерге онлайн
диплом табыстау рәсімі

 

2020 жылғы 10-15 маусым күндері аралығында университетіміздің 2020 оқу жылғы бакалавр, магистр-түлектеріне онлайн диплом табыстау рәсімі өтті.


Шара барысында университет ректоры Такир Балықбаев түлектерді салтанатты түрде құттықтап, жаңадан қадам басқан үлкен өмірлеріне сәттілік тіледі.


Сонымен қатар, Францияның Қазақстандағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері, көрнекі ақын Нұрлан Оразалин, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, академик Марат Нисупов, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, продюссер, әнші Майра Ильясова, Орталық Азия Француз зерттеу институтының директоры, INALCO профессоры Катрин Пужоль, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, МФИ ОӘ кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.д., академик Алма Әбілқасымова, Университеттің дамуына психологиялық қолдау көрсету орталығының директоры, психол.ғ.д., академик Жәмиля Намазбаева, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, "Қазақ үні" газеті ЖШС президенті Иса Қазыбек бейнеқұттықтаулары арқылы жас түлектерге жылы лебіздерін жеткізді.


Биылғы жылы университетті 1236 бакалавр, 605 магистр, 117 PhD докторы тәмамдап, барлығы - 1958 түлек өмірге жолдама алды. Солардың 220 түлегі «үздік диплом» иегері атанды.


Шара соңында жолданған университет ректорының, проректорлары мен институт директорларының ерекше құттықтауы түлектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Тұңғыш рет пандемия жағдайында жаңа форматта өткен салтанатты рәсім YouTube арнасында жүргізіліп, онлайн шараға түлектермен бірге ата-аналар да қатысу мүмкіндігіне ие болды.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департамент