қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.04.2016

   

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика мен психология Институтның бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы үшінші жыл қатарынан Алматы менеджмент университетінің ұйымдастыруамен өтетін ауыл мектептерін жоо арқылы қолдау шараларына белсене қатысуда.  2016 жылдың 24-28 наурызында 14 бастауыш сынып мұғалімдері Солтүстік Қазақстан облысында «ҚР білім жүйесін модернизациялауындағы бастауыш мектепте білім берудің жаңа тәсілдері» атты семинарға қатысып келді . П.ғ.к., Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті А.Б.Акпаева ««Математика» оқу-әдістемелік комплексінің жүйелі қызмет тәсілдемесін кіші жастағы мектеп оқушыларына білім беруде жүзеге асыру» атты лекция мен тәжірибелік сабағын өткізді. Бұл сабақтың барысында шағынжинақты мектеп жағдайында құрылымдық қызметтік бағыт қарастырылып, қызметтік әдістер технологиясында «Математика» ОӘК құрамдас бөлігін қолдаудың ерекшеліктері қамтылды. Сабақ интерактивті түрде өтті. Мұғалімдер тек қана жаңа білім мен шеберлік алып қана қоймай, ОӘК қолдану тәжірибелерімен алмасып, бастауыш шағынжинақты мектептегі сабақтардың құрылымына байланысты ой бөлісті. Мектептермен алдағы ынтымақтастық шарттары мен семинарлар, мастер-класстарды онлайн режимде өткізу мүмкіндіктері талқыланды.

Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы