қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
17.04.2018

«Конституция және қоғамдық еркіндік: құқықтық моделді қалыптастыру (Қазақстан мен Франция тәжірибесі)» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2018 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында «Конституция және қоғамдық еркіндік: құқықтық моделді қалыптастыру (Қазақстан мен Франция тәжірибесі)» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты - қоғамдық еркіндікті қорғау саласындағы елдер арасындағы тәжірибемен, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Франция Конституциясының негізгі ережелерін іске асыру тәжірибесімен бөлісу болып табылады. Сондай-ақ, конференцияның диалогтік алаңы болып табылатын, Қазақстан және Франция президенттері ашқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан Институтында террористік қатерлерге қарсы күрес, азаматтығынан айыру және т.б. ауқымды мәселелер талқыланатын болады.


Өтетін уақыты: 2018 жыл 20 сәуір, сағат 10:00

 

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би,28. Сорбонна-Қазақстан институты, конференц-зал.

 

Конференцияның бағдарламасы